Көкшетауда еріктілер қарттарға қайырымдылық акция жасады

0
97

7 ТАМЫЗ  «MEYIRIMDILIK MEKENI» тақырыбында облыс бойынша «Қарттар — асыл қазынам» және балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізуде.

Аталмыш күн аясында облыстық Жастар-ресурстық орталығы «Доброе сердце. Лидер кз» ҚҚ бірлесіп,  жалғыз басты қарт адамдардың және көпбалалы ананың үйіне барып, азық-түлік себеттерін тарату акциясын іске қосты. Жыл сайын еріктіліктің қызметі біздің елде де, сонымен қатар шетелде де танымал болып келеді. Бүгінгі күні ерікті өз қабілетін жүзеге асыра алатын көптеген бағыттары бар. Бүгінгі танда ең кең таралған бағыт әлеуметтік еріктілік. Бұл мүгедектерге, қарттарға, жалғызбасты адамдарға, жетім балаларға, мүгедек балаларға және халықтың басқа санаттарына көмек көрсету.

Адамдар әртүрлі көмекке мұқтаж, мысалға: жалғыз адамдар көбіне жай ғана бірге уақыт өткізуді, кейде пәтерді жинауды тағы да басқа көмектерді (зейнеткерлер мен мүгедектер үшін маңызды) қажет етеді. Еріктілік оқушылар мен студенттердің тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Себебі ол белсенді өмірлік ұстанымның қалыптасуына және интеллектуалды даму деңгейінің жақсаруына ықпал етеді.

«Қарттар – біздің асыл қазынамыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар», — деп дана халқымыз әу бастан-ақ айтып кеткені бәрімізге аян. Өмірдің бұралаң жолында, даналық соқпағын қалдырған қарттарымыз біздің баға жетпес асыл қазынамыз емес пе. Өйткені өткен шақты екшеп, ертеңіңді болжап беретін, ақыл да, өнеге де осы жандардың бойында тұнып тұр. Сондықтан оларға деген сый-құрмет ешқашан бітпесі анық. Бүгін біз, Жастар күні қарсаңында, ұлттық онкүндік аясында, қаламыздағы жалғыз басты қарттарымыз, тыл ардагері және көпбалалы ананың үйіне барып азық-түлік себеттерімен гуманитралық көмек көрсетуді жөн көрдік. Аталмыш акция волонтерлермен бірлесе жыл сайын өткізіліп отырады» — дейді өз сөзінде Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы – Дидар Хамзин.

Қайырымдылық акциялары қоғамға пайдасы бар ізгі іс. Волонтерлерімізбен мейірімді жандарымыздың арқасында көптеген мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарттарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға үлкен көмек пен қолдау көрсете отырып, өскелең ұрпаққа берер өнегесімен үлгісі баршылық.


ПІКІР ЖАЗУ