«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

0
86

Қаламыздың көшелерін қоқыстан тазалау мақсатында және Жастар күнін мерекелеу қарсаңындағы онкүндіктің алғашқы күні «Таза Қазақстан» атты атаумен экологиялық акциясы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам — Адал еңбек-Адал табыс» ұжырымдамасы негізінде патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Акцияның ұйымдастырушылары мен бастамашылары болып Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ болып саналады. Шараға сондай-ақ, «Жасыл ел» ұйымының жастары, жұмысшы жастар және еріктілер қатысты.

«12 тамыз — Жастар күні. Осы орайда барлық өңірде он күн бойы жастарды дамытуға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Ақмола облысы да тыс қалған жоқ. Әр күн арнайы бір тақырыпқа арналып, жүзеге асырылатын болады. Атап айтсақ, 3 тамыз — Экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «TAZA QAZAQSTAN» атты атуамен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардың әкімдіктері мен Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен саябақтар, көшелер, өзен-көлдердің жағалаулары және т.б. сенбіліктер өткізуде. Бүгінгі акцияға 200-ден аса қала адам қатысты. Жалпы алғанда 500 кг жуық қоқыс жиналды. Біз, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы баршаңызды қоршаған ортамызды, табиғатымызды таза ұстауға шақырамыз» — дейді өз сөзінде облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков.


ПІКІР ЖАЗУ