Әскери қызметкерлерге тренинг өтті

0
120

Жастарға арналған өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша тренинг өткізді. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, ағымдағы жылдың тамыз айының 3-12 күндері аралығында Халықаралық Жастар күніне орай, республикалық онкүндік ұлттық күнтізбесі аясында мерекелеу шараларын жүзеге асырады деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

4 тамыз күні, жастардың өзін-өзі дамуын ынталандыруға, көшбасшылық және кәсіби шеберлік идеяларын ілгерілетуге бағытталған «JAS KELSE, ISKE!» тақырыбында 5510 әскери бөлімінің көктемгі әскерге шақырушылармен және Әскери-техникалық мектебінде облыстық ЖРО-ның әлеуметтанушы-психологы Құсмаған Үмітжан өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша тренинг өткізді.

«Аталмыш тренингке 80 жуық жас адамдар қатысты. Әр қатысушы керемет әсер алып, қызығушылық танытты. Топпен жұмыс жасауға, өз дағдыларын дамытуға септігін тигізетін тренинг қатысушыларға пайдалы болды деген сенімдемін» — дейді облыстық ЖРО әлеуметтанушы-психологы.


ПІКІР ЖАЗУ