Халықаралық Жастар күні қалай аталып өтеді?

0
83

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, биыл тамыз айының 3-12 күндері аралығында Халықаралық Жастар күніне орай, республикалық онкүндік ұлттық күнтізбесі аясында мерекелеу шараларын жүзеге асырады.

12 тамыз — Жастар күні. Осы орайда барлық өңірде он күн бойы жастарды дамытуға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Ақмола облысы да тыс қалған жоқ. Әр күн арнайы бір тақырыпқа арналып, жүзеге асырылатын болады.

3 тамыз — Экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «TAZA QAZAQSTAN» атты атуамен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардың әкімдіктері мен Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен саябақтар, көшелер, өзен-көлдердің жағалаулары және т.б. сенбіліктер өткізіледі.

4 тамыз күні, жастардың өзін-өзі дамытуын ынталандыруға, көшбасшылық және кәсіби шеберлік идеяларын ілгерілетуге бағытталған «JAS KELSE, ISKE!» тақырыбында 5510 әскери бөлімінің көктемгі әскерге шақырушылармен облыстық ЖРО ӨМД (өмірлік маңызы бар дағдылар) бойынша тренинг және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірге онлайн форматта өзін-өзі ынталандыру, көшбасшылық және кәсіби шеберлік идеяларын ілгерілету мақсатында кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

5 тамыз күні  «DENSAULYQ — ZOR BAILYQ» тақырыбы аясында Спорт және дене шынықтыру басқармасының, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардың әкімдіктері, Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен барлық мемлекеттік және жеке кәсіптік ұйымдарының қызметкерлерімен жаппай таңғы жаттығу және SAULYQ.LIFE репродуктивті денсаулық жайлы тікелей эфир өткізілмек.

6 ТАМЫЗ —  «GYLYM TAPPAI MAQTANBA» атты тақырыпта облыстық ЖРО жұмысшы жастар арасында Абай Құнанбаев күніне орай зияткерлік ойын ұйымдастыру көзделіп отыр.

7 ТАМЫЗ  «MEYIRIMDILIK MEKENI» тақырыбында облыс бойынша «Қарттар — асыл қазынам» және балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарға салуда.

8 ТАМЫЗ  «ADAL AZAMAT». Бұл күні Ішкі істер департаменті Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесе, «Адалдық алаңы» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы және алаяқтыққа жол бермеу мақсатында адамдардың жаппай жиналатын орындарында   үлестірме материалдары таратылады.

9 «ТАМЫЗ ENBEK BARIN DE JENBEK» тақырыбы шеңберінде облыстық ЖРО жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады және «Елге қызмет — абыройлы міндет» жобасы шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік желілерде бейнероликтер жарияланады. Сондай-ақ Қосшы қалалық ЖРО «Жасыл ел» еңбек жасағындағы алғашқы жұмыс орны болған жастардың жұмысын насихаттау бойынша іс-шара өткізеді.

10 ТАМЫЗ «YSTYK QAIRAT, NURLY AQYL, JYLY JUREK» деген атаумен аталған күні облыстық ЖРО Қазақстан тарихы бойынша қала тұрғындарымен сауалнама жүргізуді көздеп отыр. Степногорск қаласының ЖРО аталмыш күні жастарға арнап қалалық мұражайға саяхат өткізбек.

11 ТАМЫЗ —  «QORGAN 24» күні қоғамға жат мінез-құлықтың және нашақорлықтың, құмар ойындарының және вандализмнің таралуының алдын алуы бойынша облыстық ЖРО квест ойыны және «Есірткісіз болашақ» ұйымымен бірлесе нашақорлық тақырыбында жастарға арналған тікелей эфир ұйымдастырылады. Сонымен қатар, облыс аудандары мен қалаларының ЖРО әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында нашақорлық бағыты, лудомания бағыты, вандализм бағыты бойынша бейнеролиткерді жариялайды. Ал онкүндіктіктің соңғы күні  «JASTARMEN BIRGE!» деген тақырып аясында Ішкі саясат, мәдениет, кәсiпкерлiк және өнеркәсіп басқармалары, «Атамекен» КП, Ақмола облысының қалалары және аудандары әкімдіктері мен Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен өңірлік бесенділерге жастар күніне орай алғыс хат табыстау шаралары, сондай-ақ, Халықаралық жастар күні аясында «Jastarmen birge!» атты «Open air» іс-шарасы ұйымдастырылмақ.

Жалпы облыс бойынша аталмыш Жастар күніне орай 150-ге жуық іс-шара өткізуді жүзеге асыру жоспарда тұр. 20 жуығы тек облыстық Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастырумен өткізілетін болады.


ПІКІР ЖАЗУ