Астанада Comic Con Astana-2024 фестивалі

0
55

«Жүлде қоры 12 000 000 теңге болатын косплей байқауы, дубляж жұлдыздары және қазақтың «Капитан Америкасы» – қызықты оқиғаларға толы III халықаралық Comic Con Astana фестивалі басталды»,  – деп Comic Con Astana фестивалінің баспасөз қызметі қуанышты жаңалықты хабарлады.

Онымен қоса фестивальдің бірінші күні халық арасында сүйікті супер қаһарман  туралы «Капитан Байтасов» атты қазақстандық шымылдығы ашылды. Фильм сценарийіне 2011 жылы Таразда террористерді ұстау кезінде гранатаға кеудесін тосып,  басқа адамдарды құтқарып қалған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың оқиғасы арқау болған.

Жобадағы алғашқы маңызды оқиғалардың бірі аниме, ойындар мен фантастикалық фильмде жанкүйерлерінің өздерінің жақсы көретін кейіпкерлерін дубляждаған талантты актерлер Егор Васильев және Ислам Ганджаевпен жүздесуі орын алды.

Актерлар жанкүйерлерімен қауышып, сұрақтарына да жауап беріп үлгерді.

«Сөйлеу мәнеріңізді дамытыңыздар, классикалық шығармаларды дауыстап оқыңыздар. Алдымен ондағы сөз бен ойды талдап, содан кейін дауыстап айтуды үйрену керек. Актерлік мамандық – бұл күнделікті даму, сіз тек адамдармен сөйлесу немесе аудитория алдында сөйлеу арқылы ғана жаттығасыз», – деді актер Егор Васильев.

«Фестивальдің шоу-бағдарламасының дәстүрлі элементі – жүлде қоры 12 000 000 тг болатын халықаралық косплей байқауы. Бүгін Comic Con Astana фестивалінде байқаудың іріктеу кезеңі басталды».

«Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, БАӘ, Қытай, Грузия, Черногория, Ұлыбритания, Армения, Кипр және Тайланд сияқты әлемнің 14 елінен косплейерлер қатысуға өтінім берді», – Comic Con Astana фестивалінің баспасөз қызметі.

Comic Con Astana үшінші халықаралық фестивалі 25-28 шілде аралығында «EXPO» ХКО-да өтті.

 


ПІКІР ЖАЗУ