«Дәрі-дәрмек бағасы қолайлы және қолжетімді екеніне көз жеткізу маңызды»

0
93

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова фармацевтика компанияларын дәрі-дәрмектің бағасын арзандатуға ұсыныс жасады. Министр фармкомпанияларды «әлеуметтік жауапкершілік танытуға» шақырды.

Қазақстанда дәрінің бағасы уақыт өте келе қымбатшылыққа бой алдырып бара жатыр. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейтін мақалды бар қазақ біледі, дегенмен қанша жерден ауырмаудың жолын ізденсе де денсаулық сыр берсе, бірден дәріханаға жүгіретініміз рас. Мемлекетте дәрі, азық-түлік сынды заттар әрдайым халыққа қолайлы бағада болуы керек.

”Мемлекет барлық азаматтар үшін медициналық көмек пен дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Сатып алу науқанын бастамас бұрын, өндіруші белгілеген дәрі-дәрмек бағасы қолайлы және қолжетімді екеніне көз жеткізу маңызды. Бұл ретте жергілікті дистрибьюторлардың үстеме бағасы регрессивті үстеме шектерде қалуы тиіс», – деді министр Ақмарал Әлназарова.


ПІКІР ЖАЗУ