Ақмола облысында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

0
60

Балық берме қармақ бер демекші, жақында Ақмола облысында ашық алаң астында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткен болатын.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін жоспарлау – тек жас мамандар үшін емес, жұмыс берушілерге де өзекті.  Өйткені  жәрмеңке кезінде жұмыс берушілер өздеріне керек мамандарды іріктеуге, ал жұмыс іздеп келген тұлғалар мамандықпен жұмысқа орналасуына мүмкіндік берді.

«Осыған орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы тоқсан сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отырады. Аталған жәрмеңкені орталық бүгінгі күні «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесе ұйымдастырды. Аталмыш жәрмеңке Көкшетау қаласының орталық саябағында өткізіліп, жүздеген қала тұрғындары тегін кеңес алды. Шараға Ақмола облысының ПД өкілдері, ҰҚК Шекара қызметі мүшелері, Ақмола облысы бойынша ТЖД өкілі, «5510» әскери бөлімінің мүшесі, «Гормолзавод», «Асыл арман», «Казбеков и компания», «КазАгроЭксперт» ЖШС-нің өкілдері және т.б. мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің мамандары қатысты» — деп хабарлайды Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Қазіргі жас буын арасындағы жұмыссыздық – халықтың маргиналды жұмыссыздығының бір түрі. Жастардың жұмыс тәжірибесі аз екенін ескере отырып, жастардың еңбек нарығындағы интеграция процестері экономикалық құлдырау мен дағдарыстар кезеңінде айтарлықтай нашарлайды. Осы уақытта жастар жұмыссыздығының көрсеткішіне көп көңіл бөлінеді. Жастардың  әлеуметтік жағдайының маңызды индикаторларының бірі, сондай-ақ оның ел дамуының белгілі бір кезеңінде еңбек нарығына бейімделу деңгейінің көрсеткіші.


ПІКІР ЖАЗУ