Менің ұстанымым: Зайырлылық — қазақ қоғамының рухани дамуының кепілі

0
218

Біз ұлтшыл-демократ қазақтар импершіл Ресейдің тәуелсіз Украинаға қарсы көпе-көрінеу агрессиясынан кейін өз еліміз бен халқымыздың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға әрқашан дайын екенімізді бір сәт есімізден шығармауымыз керек.

Параноик-психопат В.Путиннің азат Украинаға соғыс ашуына не түрткі болды?
Әрине бәріңіз білесіздер бұл импершіл
«орыс әлемі»дейтін шовинистік сасық идеология еді.

Сондықтан да Қазақ елінің идеологиялық ақпарат кеңістігіне дәл қазіргі кезеңде үлкен зор қауіп төніп тұр.
Одан басқа Ресейдің Украинаға қарсы озбыр һәм зұлым саясатын дәстүрлі дін саналатын,яғни Қазақстанда да Мәскеуден басқарылатын православ шіркеуі мен Ресей мұсылмандар діни басқармасы толықтай қолдады.

Айтпақшы өкінішке орай Қазақстандағы Ислам дінін ұстанатын күллі «мұсылмандарды» басқаруға өздерін ғана уәкілетті ұйым санайтын ҚМДБ,яғни Қазақстан мүфтияты әлі күнге дейін В.Путин билігін айыптап,тәуелсіз Украинаға қолдау білдіретін үндеу немесе агрессиялық соғысты мансұқтайтын діни пәтуа да шығаруға құлықсыз болып отыр.

Одан басқа қаңтар қырғынындағы Назарбаев әулетіне бағынышты,яғни деструктивті діни ағымның өкілдеріне байланысты мәселенің нүктесі әлі күнге дейін қойылмады.
Мысалы 30-жылдық қазақты діни зомбилаудың нақты көрінісі ретінде — Н.Назарбаев билігінің Бекболат Тілеухан,Мұхамеджан Тазабек,ағайынды Смановтар,путиншіл Исматулла жамағаты,т.б сияқты діншілдерге толық карт-бланш беруін атар едім.

Негізі діншілдер саясатқа араласатын болса түбі Қазақстанды Саудия, Ауғаныстан, Сирия, Иран сияқты теократиялық елге айналдырады.
Атап айтқанда бұл деструктивті процесс түбі Қазақ мемлекетін сөзсіз құрдымға апарады.

Айтыңыздаршы бізге ортағасырлық араби-парсы субмәдинетіне негізделген шариғат керек пе, әлде зайырлы демократиялық қоғам қажет пе?!
Мемлекет дінге, ал коллективті дін — мемлекеттің ісіне араласпауы керек.
Дін — тек адамның жеке интимдік мәселесі ретінде ғана қарастырылуы тиіс.
Менің ұғымымда Алаш қайраткерлерінің аңсаған зайырлы мемлекеті деген осындай форматта болған.

Мен өз басым зайырлы Қазақ елінің прогрессивті және ұлттық танымды ту қылған Жапония немесе Израиль сияқты технократиялық мемлекет болғанын қалаймын.

Сондықтан да бір Жаратушы-Тәңірге сыйына отырып,мың өліп,мың тірілген Қазақ ұлтының болашағы үшін аталмыш демократиялық реформаларды жүзеге асыруға бар күшімді салып,мажоритарлық жүйемен мәжіліс сайлауына депутаттыққа үміткер ретінде тіркеліп,сайлау додасына түсем деп шештім.

Тұрарбек Құсайынұлы


ПІКІР ЖАЗУ