Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

0
224
Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

19 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, Абу-Даби қаласында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің Министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен және елдің іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

Сондай-ақ бірқатар мемлекетаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп жоспарланған.

Дереккөз: ҚазАқпарат



ПІКІР ЖАЗУ