Елордаға бұрынғы атауы қайтарылды

0
141
Елордаға бұрынғы атауы қайтарылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы — Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының елордасы — Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының  елордасы — Астана қаласы деп өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.

Бұған дейін Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын өзгертуді қолдап, дауыс берген болатын. Елорда атауын Астана деп өзгерту «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген. Елорда мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Еске салайық, қыркүйектің басында «Жаңа Қазақстан» депутаттары елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.

Бастамаға тоқталған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл идея қоғамда бұрыннан талқыланып келе жатқанын айтты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев болса, бұл ұсыныста «ешқандай саяси астар жоқ» екенін айтты.

Кейін Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейтіні де айтылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz



ПІКІР ЖАЗУ