Қоғамдық келісім мен рухани құндылықтар – жастар назарында

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттерімен ашық форматтағы кездесу өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дәріптеу, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуды қамтамасыз ету болды.
Кездесу жастардың азаматтық мәдениетін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталды.
Іс-шараға аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Б. Салиев, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Жандосова, Шымкент қалалық полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Н.Төлеген, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ Психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Сайдахан, Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Әбдікәрім, сондай-ақ Шымкент қаласы Дін істері басқармасының Дін зерттеу орталығының теолог маманы Н.Әбдіманап қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, діни экстремизм мен деструктивті ағымдардың зардабы, этносаралық келісімді нығайту, жастардың құқықтық мәдениеті мен рухани құндылықтарын арттыру тақырыптары бойынша мазмұнды баяндамалар жасалды. Әр спикер өз тәжірибесі мен практикалық кеңестерімен бөлісіп, жастардың өмірлік дағдыларын дамытуға ерекше мән берді.
Сонымен қатар студенттер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігіндегі жауапкершілік, өзара сыйластық пен толеранттылық қағидаттары бойынша ашық пікірталас ұйымдастырылды. Жастар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салып, заманауи әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын талқылады. Іс-шараның соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің маңыздылығын терең түсінгендерін атап өтті.
Бұл кездесу жастардың қоғамдағы жауапты азаматтық позициясын қалыптастыруға, отбасылық және қоғамдық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ рухани мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болып, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға үлкен үлес қосты.








