Түркістан обылысындағы елді мекендерде өзгеріс болады

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды
Бүгінгі таңда Түркістан облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы әзірленіп, сараптамаға жолданған. Жыл соңына дейін облыс мәслихатмен бекітілмек деп хабарлайды democracy.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаевтің мәлімдеуінше, облыста орналасқан елді мекендерде талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 387 сапасыз бас жоспар анықталған. Осы тұста бас жоспарларға түзету енгізу үшін облыс әкімдігімен 2025-2029 жылға арналған жол картасы бекітілді.
Сонымен қатар 105 елді мекеннің бас жоспарына түзету енгізу жұмыстары 2025-2026 жылдар аралығында жүзеге аспақ. Бүгінде 30 елді мекенге облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, кестеге сай жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ал аудан, қала бойынша 75 елді мекеннің бас жоспарына түзету шаралары енгізілмек. Өткен жылғы кестеге сай 37 елді мекеннің бас жоспары әзірленген.
Қазіргі уақытта 3 елді мекеннің, яғни Біркөлік, Сарыағаш және Жібек жолының бас жоспарын реттеу жобалары әзірленіп жатыр.
Бүгінде Түркістан облысы бойынша 7 қаланың бас жоспары 71%-ға және 32 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары 52%-ға цифрландырылып, құрылыс базасына енгізіліп жатыр.
Ал, Түркістан, Кентау, Ленгір, Шардара, Сарыағаш қалаларының бас жоспарлары құрылыс базасына енгізілген. Арыс, Жетісай қалаларының бас жоспарларын цифрландырылу шаралары да қолға алынған.








