АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз деп хабарлайды democracy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалды. Ресурстар шектеулі болды және әйелдің жағдайы тез нашарлай бастады,мұндайда әрбір секунд қымбат.
Бұл бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатты. Қиын жағдайларға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек кқрсетуге кірісті: пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізді, ұсынымдар беріп, науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етті. Жарты сағаттан кейін нәтиже бере бастады — әйелдің жағдайы тұрақталды.
Салтанат Исағалиева — жоғары санатты дәрігер, медицинада 25 жылдан астам, акушерлік бөлімшені басқарады. Оның артында 10 000-нан астам босандыру және операция, жүздеген құтқарылған кішкентай өмір және мыңдаған ризашылық білдірген пациент бар.
Оның еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»атағымен, «Мамандығына адалдығы үшін» құрмет медалімен, сондай-ақ «Авиценнаның алтын жұлдызы» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл оқиға дәрігердің жұмысы тек білім мен шеберлік туралы ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, жауапкершілік және кез-келген уақытта көмекке келуге дайын екендігін тағы да растайды.
Фото денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналынан алынды.