Астанада LRT жобасы іске аса бастады: алғашқы вагондар рельске шықты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова
Астанада алғашқы жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамдары рельске қойылды, — деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
LRT туралы алғаш рет 2005 жылы айтылған болатын. 20 жылдан кейін алғашқы вагондар Астанаға жеткізіліп, рельске қойылды. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі уақытта құрамдар орналасқан әуежай ауданында болды.Әр құрам төрт вагоннан тұрады. Олар Қытайдың Таншань қаласында өндірілген.
Екі құрам арнайы жабдықталған автотрайлерлермен жеткізілді.
Бұған дейін құрамдарды өндіруде жолаушылардың қозғалыс және акустикалық жайлылығын қамтамасыз ету үшін заманауи жеңіл әрі берік материалдар қолданылғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, 9 маусымда елордаға жеңіл рельсті көліктің (LRT) алғашқы құрамдары жеткізілді.