Қазақстанда ана мен бала денсаулығын нығайтуға бағытталған жаңа кезең басталды

0
53

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры (ЕТДҚ) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды қолға алды.

Бағдарлама аясында босандыру мекемелері мен алғашқы медициналық көмек ұйымдарында жұмыс істейтін 400-ге жуық медицина қызметкері ана сүтімен емізуді қолдау қағидаттары бойынша оқытылады. Сонымен қатар 50 медициналық мекеме ДДСҰ/ЮНИСЕФ ұсынған «Балаға мейірімді аурухана» мәртебесіне сәйкестігі бойынша бағалаудан өтеді.

Бұл шаралар екі жыл ішінде жүзеге асады және Астана медицина университетінің базасында өткізіледі.

Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, емізуді ынталандыру – денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдықтарының бірі. Ал ЕТДҚ өкілі Армен Погосян аналар мен балалардың денсаулығына салынған инвестициялар қоғамның тұрақты дамуына жол ашатынын атап өтті.

ДДСҰ мәліметінше, емізу – нәрестенің толыққанды дамуы мен денсаулығының негізі болып табылады. Ұйым ана мен бала құқықтарын сақтай отырып, сапалы медициналық көмекті дамытуға басымдық беріп келеді.


ПІКІР ЖАЗУ