Су тапшылығы – көзге көрінбейтін қауіп

0
61

Ресурсты ұтымды пайдалану – тұрақты болашақтың кепілі. 21-ғасыр – мүмкіндіктермен қатар, күрделі сын-қатерлер заманы. Табиғи ресурстардың азаюы, климаттың өзгеруі, экологиялық апаттар – барлығы адамзаттан жаңа көзқарас пен жауапкершілікті талап етеді. Су мен энергия – кез келген мемлекеттің дамуындағы стратегиялық ресурстар. Қазақстан үшін де бұл мәселе ерекше маңызға ие.

Су – тіршіліктің негізі. Бірақ қазіргі таңда әлем халқының үштен бірі таза ауыз суға мұқтаж. Қазақстан географиясы жағынан суға бай елдердің қатарына кірмейді. Елдегі су ресурстарының шамамен 40%-ы көрші елдерден келетін трансшекаралық сулар арқылы қамтылады. Бұл – болашақта су тапшылығының күшею ықтималдығын арттырады.

Мәселенің себептері қандай?

Тозған инфрақұрылым: су құбырларының ескіруі салдарынан үлкен көлемде су ысырап болады.

Ауыл шаруашылығында тиімсіз суару: егістікті ашық каналмен суару кезінде судың 50%-дан астамы ауа мен топырақ арқылы жоғалады.

Халықтың тұтыну мәдениетінің төмендігі: тұрмыста суды бейберекет қолдану – үйреншікті жағдайға айналған.

Ал бұлай жалғаса берсе жақында үлкен қауіптің болуы әбден ықтимал.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.


ПІКІР ЖАЗУ