Тас жол, бірақ тегін емес: неге жолдар ақылы болып барады?

0
178

Көлік министрі Марат Қарабаев 29 тасжол учаскесіне жол ақысын енгізу жоспарымен бөлісті, — деп хабарлайды democracy.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр, ал былтыр жиналған төлем көлемі 48 миллиард теңге болған.

«Биыл жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын тағы 29 учаскеде ақылы жол жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ақылы жолдардан жиналатын төлем көлемі 100 миллиард теңгеден асады деп күтіледі», – деді министр Сенаттағы үкімет сағатында.

Бұдан бөлек, Қарабаевтың айтуынша, болашақта барлық жолды күтіп ұстау, техникалар сатып алу және алынған қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді өтеу мәселелері де жол жүру ақысынан түскен қаражат есебінен шешілуі мүмкін.


ПІКІР ЖАЗУ