Аршалы ауданында «Ашық жүрек» еріктілер қозғалысының қатысушыларына арналған интерактивті сабақ өтті

Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы Аршалы ауылындағы Агротехникалық колледждің қазіргі және болашақ еріктілеріне арнап интерактивті сабақ ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында еріктілік мәдениетін дамыту, әлеуметтік қызметке деген мотивацияны арттыру және қатысушылар арасында тәжірибе алмасу болды. Сабақта командалық ойындар, жеке даму тренингтері, шеберлік сабақтары, сондай-ақ еріктіліктің негізгі құндылықтары талқыланды.
Сабақта еріктілер мұқтаж жандарға көмектесудің маңыздылығын, қоғамдағы өзара түсіністікті қалыптастыруды және белсенді
азаматтық ұстанымды нығайтуды талқылады. Ерекше көңіл жанашырлық,жауапкершілік және әлеуметтік мәселелерді шешудегі еріктілік қызметінің маңыздылығына аударылды.
«Еріктілік – бұл тек адамдарға көмектесу ғана емес, ол өмір салты мен жақсылықтың көрінісі. Мұндай сабақтар жастардың қоғамдағы өз рөлін түсінуге, әлеуметтік бастамаларға қатысуға шабыттандыруға және командалық рухты нығайтуға көмектесетініне сенеміз. Бүгінгі қатысушылар үлкен қызығушылық танытып, өз идеялары мен жоспарларымен бөлісті. Бұл біздің жастардың игі істерге деген зор әлеуеті бар екенін көрсетеді» — деп атап өтті Аршалы ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры
Аменкина Ардақ Саматқызы.
Іс-шараның ерекшеліктері:
Сабақ жылы, сенімді атмосферада өтті. Еріктілер өздері қатысқан жобалар туралы әңгімелері мен әсерлерін бөлісіп, өз бастамаларын ұйымастыру бойынша практикалық кеңестер алды. Қатысушылар үшін еріктілік мүмкіндіктері мен аудандық және республикалық жобаларға қатысу перспективалары туралы көбірек білуге арналған сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.
Ең есте қаларлық сәттердің бірі көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және командалық жұмыс дағдыларына арналған тренинг болды.Қатысушылар рөлдерді тиімді бөлуді, қарым-қатынас орнатуды және күрделі жағдайларда бір-бірін қолдауды үйренді.
«Әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылатын адамдардың көп болғаны қуантады. Алда қоғамға пайдасын тигізетін көптеген бірлескен жобалар бар екеніне сенімдіміз», – деп қосты Ардақ Аменкина.
Бастаманың маңыздылығы:
Мұндай іс-шаралар жастардың әлеуметтік маңызды қызметке деген ұмтылысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Еріктілік жеке және кәсіби дағдыларды дамытуға ғана емес, сонымен қатар пікірлестер табуға,дүниетанымды кеңейтуге және ең бастысы, басқа адамдардың өмірін жақсартуға көмектеседі.
Қатысушылар сабақтан жаңа идеялармен және игі істерді жүзеге асыруға деген ынтамен шықты.
Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы.