Әлемде неше миллиардер бар білесіз бе?
Былтыр әлемде миллиардер қатарына тағы 204 адам қосылып, олардың саны 2800-ге жуықтады деп жазады democracy.kz ақпараттық порталы 24 kz сілтеме жасап.
![](https://democracy.kz/wp-content/uploads/2025/01/depositphotos_184307554-stock-photo-closeup-hands-holding-cash-300x202.webp)
Фото:depositphotos.com
Барлығының ортақ активтері 15 триллион долларға жеткен. Демек өткен жылы күн сайын әр миллиардердің мал-мүлкі 2 млн долларға артып отырған. Бұл туралы Давоста өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда Оксфам халықаралық бірлестігі жария етті. Мамандар ауқатты адамдар саны тез артып бара жатқанын айтады. Олар алдағы 10 жылдықта 5 триллионер пайда болатынын болжайды. Бірақ өкініштісі сол — әлем халқының 44 пайызы кедейлікте өмір сүреді. Оксфам дерегінше бұл көрсеткіш 1990 жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр.