45 градус аяздағы марафон

0
12

Якутияда аязда жүгіруден марафон өтті деп жазады democracy.kz 24.kz сілтеме жасап

Якутияда минус 43 градус аязда жүгіруден марафон өтті. Жарыс ұйымдастырылған Оймякон ауылы — әлемдегі ең суық елді-мекен. Мұнда сынап бағанасы 1933 жылы минус 67,7C градусты көрсеткен. Жалпы марафонға Ресейдің түкпір-түкпірінен 50 шақты желаяқ қатысты. Олардың арасында әуесқой, кәсіби спортшылар да бар. Қатысушылар марафонның бірінші күні 5,10,15,20 шықарымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Ал екінші күні 42-50 шақырымдық мәре сызығын бағындырды.


ПІКІР ЖАЗУ