Қазақстанда 2024 жылы 257 жаңа мектеп пайдалануға берілді

0
18

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 373 мың оқушыны қамтитын 257 мектептің құрылысы аяқталды деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы ҚР оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйене отырып.

Жаңа білім ордаларының ашылуы білім беру инфрақұрылымын нығайтуға және орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болды.

Соның нәтижесінде үш ауысымда жұмыс істейтін 42 мектептің жүктемесі азайып, 148 елді мекендегі 20 апатты мектептің мәселесі шешілді.

Бұл бастама оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, білім саласындағы инфрақұрылымды жетілдіру ісіне айтарлықтай үлес қосты. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.


ПІКІР ЖАЗУ