Қарағанды облысында жайлы мектептер саны көбейеді

0
38

Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 10 мектеп салу жоспарлануда. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Олардың құрылысы былтыр басталған. Биылғы оқу жылында Қарағандыда 2 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін жаңадан тағы бес жайлы мектеп ашу жоспарлануда.

Бұған қоса, әкім «Қазақстан халқына» қорының өңірдегі әлеуметтік жобалардағы белсенді рөлін атап өтті. Қордың қолдауымен білім беру саласында мектептерді жаңғырту және жөндеу, сондай-ақ спорт алаңдарын салу бойынша 4 жоба жүзеге асырылды. Денсаулық сақтауда пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған жабдықтар сатып алынды.


ПІКІР ЖАЗУ