ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ -ҰЛТ ТӘРБИЕСІ: БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

0
24

«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне атсалысып жүрген, үкіметтік емес ұйым бала-бақша ата- аналарынан бастап, мектеп оқушылары, ата- аналары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне рухани танымдық дәрістер, кездесулер, «Қазағымның дәстүрлері ай», «Шашбаулым» тәрізді ұлттық этнографиялық сайыстарды өткізіп жатыр.

Тек Астанада ғана емес, өңірлердегі дін басқармаларының, ішкі саясат, жастар саясатының шақыруымен облыстарға шығады. Дәріс оқиды, ұлттық құндылытар тақырыбында іс-шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық, болып жүр.

Байқаудың мақсаты мен мiндеттерi қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін дәріптеу.

Қыздардың зияткерлiк және шығармашылық қабiлеттерiн анықтау, ұзын шашты бойжеткендердiң  бұрымдарын насихаттау. Қыздарды мәдени-этикалық,  рухани- танымдық құндылыққа тәрбиелеу қазақ халқының әдет – ғұрыптары арқылы қыз бала тәрбиесiне тән қасиеттердi бойына сіңіру. Ұлтымыздың салт-дәстүрлерiн, әдет-ғұрыптарын, ұлттық киiмдi заманға сай жаңғырту, жастар арасында насихаттау.

Қыз баланың қандай инабатты, парасатты болу керектiгiн осы байқау арқылы көрсету, бағыт бағдар беру. Ата-баба дәстүрін насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу. Ұлтымыздың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендерiмiздің бойына ciңipy, эстетикалық тәрбие беру арқылы кыздардың әсемдік, көркемдiкке деген сүйiспеншiлiктерiн арттыру. Дәстүрлі рухани құндылықтарды жастар арасында дәріптеу.

Осыған байланысты «ШАШБАУЛЫМ» танымдық- этнографиялық сайысының өтетіндігін хабарлаймыз!

Сайыс жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитын, бұрымы ұзын бойжеткендер арасында өткізіледі. Әр оқу орнынан бір қатысушы өтініш тапсыра алады. Қатысушылар ұлттық киімде болуы тиіс. Қатысуға өтініш 2024 жылдың, 20 қарашасына дейін garashanyrag01@gmail.com электронды поштасына жіберілуі қажет.

САЙЫС ҮШ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

І кезең. «МЕН ҚАЗАҚТЫҢ, ҚЫЗЫМЫН…» Өзін-өзі таныстыру.

Бұл бөлімде қатысушы өзін кез-келген жанр арқылы таныстыра алады. Ол өлең, әң, театрландырылған көрініс және т.б. түрде болуы мүмкін. Берілетін уақыт: 2-3 минут.

ІІ кезең. «ӨНЕРЛІ БОЛСАН, ОЗЫП КӨР… » Өз өнерін көрсету.

Қатысушылар өзі таңдаған жанр (ән айту, ұлттык аспаптарда ойнау, би, сахналык қойылым, өлең оқу) бойынша өнер көрсетуі тиіс. Берілетін уақыт: 3-5 минут.

III кезең. «Ұлттық құндылығым — РУХАНИ ҚАЗЫНАМ»

Қатысушыларга тарих, этнография, салт-дәстүр, фольклор, мақал-мәтел бойынша сұрақтар қойылады. (Қатысушылар қоржыннан асық алып, сондағы нөмірге сай сұрақты оқып, жауап береді). Дайындалу уақыты — 1 мин. Жауап беру уақыты — 1 мин.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар арнайы кубоктар мен дипломдармен және ұлттық нақыштағы бағалы сыйлықтармен, тақырыпқа сай кітаптармен марапатталады.

Қатысуға өтініш 2024 жылдын 20 қарашасына дейін.

Қосымша сұрақтар үшін Уатсап: 8771 124-87-51(Сандуғаш Болатханқызы)

«Шашбаулым»сайысы биыл екінші рет өткелі отыр. Былтыр колледждің бұрымдылары қатысқан еді. Биыл жоғарғы оқу орындары қатыстырылады. САЙЫСҚА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР! ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БІРГЕ ҰЛЫҚТАЙЫҚ!

Жоба қолдаушылары Астана каласы әкімдігінің Тілдерді дамыту жене архив ісі басқармасы және «Руханият» КММ.

 


ПІКІР ЖАЗУ