Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығындағы тексеру нәтижесі
![](https://democracy.kz/wp-content/uploads/2024/08/5-905x613.jpg)
Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының тексеру нәтижесі бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ медициналық-фармацевтикалық заңнаманы бұзушылықтармен қатар, 2 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Қылмыстық істі тергеу аясында кінәлілер мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеді.
Астана қаласының прокуратурасы