Жаңа оқу жылында қанша бала бірінші сыныпқа барды?

0
33

Оқу-ағарту министрілігінің мәліметінше,  биыл Қазақстанда мектеп табалдырығын 351 176 бала аттаған.

2024-2025 оқу жылында жалпылама 369 мың бірінші сынып оқушысы қабылдануы мүмкін. Жуықтап айтсақ оқушылардың 70 пайызын ата-аналар мемлекеттік тілде білім беретін білім ордаларына сеніп тапсырған.

«Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген. 2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала». – деп хабар берген министрлік Telegram – арнасына.

 


ПІКІР ЖАЗУ