«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?
Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді.
Бейімбет Майлин
Отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерген алғашқы журнал «Айқап» газеті болса, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымының бірі «Қазақ» газеті болған еді. Дегенмен, мақсатқа жету жолдарының әртүрлі болып сай келмеуінен болар, кейбір мәселелерде пікір алалығы кездеспей қалып жатқан деседі. Бірақ, бұл мақсаттың бөтен болғандығынан емес, бағыттың айқын болуынан деп білемін. Бір атап өтерлігі, қанша талас-тартыс болуына қарамастан, екі басылымда бірінің сөзін екіншісі қайталап, біріне- бірі демеу болғандығын айтып кетпеске болмас. Бұл қасиеттерден қолдау білдіргендердің өз басынан, ұлтқа деген, мақсатқа деген биік қадамдарын байқап, танығандай боласыз.
Қазақ баспа ісінің дамуына атап айтарлық өз үлестерін қосып, ұлттық рухты ояту жолында барынша еңбек еткен, сол кездегі халықтың жанашыры болған бұл қос басылымның арасында туындаған кикілжің мен көзқарастарының бірікпеуіне не себеп!?… Анықтап көрелік!…
Екі басылым арасында айтыс туғызған мəселе – қазақ жазуы жөніндегі пікірталас. Ол «Қазақ» газеті жарық көрмей тұрып-ақ «Айқап» бетінде көрініс тауып, соның өзі апталықтың дүниеге келуінің бір себебі болғандығын, оған кейіннен бірқатар қаламгерлердің үн қатқанынан және ең басты себеп, « Айқап» журналы « Көшпеліліктен бас тартып, өнер білімге, отырықшылыққа көшіп, егін егіп, саудамен айналысқанын қаласа, « Қазақ» газеті отырықшылыққа бейімделіп, Ресейдің қитұрқы әрекетін орындағандай болып, ата- бабадан қалған ата кәсіпті, отырықшылықпен алмастыруды қаламады. Екі басылымда өз ұстанымын алға тартып, дәл осылай «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы кереғар пікірлер, қарама- қайшылықтар орын алды. Онымен қоса, айта кетерлік олардың бас қосу және әліпби таңдауға келгенде де пікірлері бір- біріне қарсы келді. Бұл жайында екі басылымның арасындағы айтыс-тартыс неден ушыға түскенін көрсеткен «Қазақ» газетінде мынадай бір мәлімет жарияланған: «Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан кезде сәтсіз күні басталған басқосу мәселесі шыға келді.», — деп жазады ол жөнінде М.Дулатов апталықтың 1914 жылғы 51-нөмерінде жарық көрген «Айқап» журналы» деген мақаласында.
«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер туралы пікірталас патша əкімшілігі тарапынан таңылған көшпелі жəне отырықшы нормаға қатысты туындағанын көреміз. Екі басылымның да ойлаған мақсаттары бір болды. Ол қайткенде де қазақ жерін отаршыл күштің қолжаулығына айналудан қорғап қалу мұраты болатын. Бірақ, оған жетуде екі жолды таңдапты.
Кез келген нəрсенің екі жағы болатындықтан, бұл мәселені де сол тұрғыдан қарап көрейік. «Айқап» пен «Қазақтың» айтысы азаттық үшін бірден-бір күрес құралына айналып отырған, баспасөздің беделін түсіріп, қоғамдық күшті əлсірете түскені – мəселенің екінші қыры. Мұны Алаштың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары да жақсы түсінген. Сондықтан оны ушықтыра бермей, қандай шартпен болса да келісіп тезірек доғаруға, мәселені оңтайлы тұрғыдан шешуге тырысқандықтары байқалады. Мұндай дәлелдерді жіпке тізгендей бірінен соң бірін келтіруге беруге болады. Бірақ, олай етсек біз журналшының шекарасын асып өтіп, зерттеуші – ғалымның жайылымына түсіп кетеміз.
Қорыта айтқанда, бұл жағдайда тек бір ғана жақты қолдап, бірден шешім шығару дұрыс деп ойламаймын. Себебі, бұл қос басылымда ел мұраты үшін жұмыс жасап, саяси және рухани ояну ұранын көтеріп, оны дамытуға көңіл бөліп, отаршылдық қысымдағы ұлттың азаттық мұраттарын темірқазық етіп ұстанды. Ал бұл сөзімнің дәлелі ретінде Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласы сөзімізді тірілтіп, біршама дәлелдей түседі.