Музыкалық шыңдарды батыл бағындыруда
«Астана Опера» театры күннен күнге даму үстінде «Еліміздің бас театрында Astana Opera халықаралық опера академиясының екінші шығарылымы оқуын тамамдады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауы арқасында бір жыл бойы жас вокалистер үздік қазақстандық және шетелдік коучтердің жетекшілігімен өздерінің шеберліктерін жетілдірді. 19 шілдеде К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында өткен «Туған тілде» концерті оқу бағдарламасының шешуші түйіні болды» — деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
2023-2024 оқу жылындағы академистердің жетістіктерін еске алсақ, академияның екінші құрамының барша концерттері орасан жетістікпен болғанын айта кеткен жөн. Жас солистер К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасының төрінде өнерлерін паш етті. Ерекше бағдарламалардың бірі «Браво, Опера!» концерті болды, және классикалық музыканы жаны сүйетіндер XI театр маусымы бойы «Астана Опера» репертуарында бар опералық спектакльдерде тыңдаушылардың көбін жақсы қабылдады.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші ұстаздық құрам жайлы да сөз етілді «Дүние жүзіне танымал италиялық коуч-пианист әрі дирижер Алессандро Бениньи мен Озимо қаласындағы Вокал академиясының профессоры Алла Симонишвилидің шеберлік сабақтары жылдың ең айтулы оқиғаларының біріне айналды. Маэстролар жас әншілерді Г.Доницеттидің «Қоңырау, немесе Дәріханашының неке түні» операсының премьерасына, сондай-ақ осы композитордың «Махаббат сусыны», П.Чайковскийдің «Иоланта» қойылымдарына дайындады. Отандық ұстаздар, дирижерлер мен концертмейстерлер де жас әртістердің қалыптасуы жолында қажырлы жұмыс атқарды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұпар Ғабдуллина мен Азамат Жылтыркөзов күн сайын олардың вокалдық шеберліктері мен сахналық өнерлерін ұштады» .
Қорыт айтқанда Astana Opera халықаралық опера академиясының екінші шығарылымы алғашқы құрам түлектерінен осал болмады, ерекше әрі жинақы болған. Astana Opera халықаралық опера академиясы 2019 жылы ашылғаны баршаға белгілі. 2023-2024 оқу жылында Қазақстаннан және басқа елдерден жас өнерпаздардың біліктілігін арттырған. Екі курстың да түлектері мамандықты ойдағыдай бастап, елімізде мансаптарын сәтті құруда және шетелде де сұранысқа ие екен.