Енді мектеп оқушылары Алматы мұражайларына тегін кіре алады

0
45

Енді Қазақстандағы барлық мектеп оқушылары 2024 жылдың 24 қаңтарынан бастап Алматы мұражайларына тегін бара алады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Мұндай шешімді қалалық әкімдік қабылдады. 2024 жылғы 23 қаңтарда таратылған жолдауда бұл оқу үдерісін байытып, оқушылардың мәдениетке, өнерге және тарихқа деген қызығушылығын оятатыны атап өтілді.

Сонымен қатар мұражайларға бару балалардың сыни ойлауы мен талдау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

«Елімізде 3,9 млн оқушы бар. Біз барлық бала мен жасөспірім өнер туындыларын, артефактілер мен экспонаттарды өз көздерімен көріп, дүниетанымын кеңейткенін қалаймыз. Бұл оларға қосымша білім алып, тарихи оқиғаларға терең үңілуге көмектеседі. Мектеп оқушылары музейлерге негізінен сынып жетекшілерімен бірге келетінін байқаймыз. Енді олар оқу жылы барысында да, демалыс кезінде де Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге тегін бара алады», — деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқушылар тегін бара алатын мұражайлар тізімі:

1. Алматы тарихы музейі (Қабанбай батыр көшесі, 132)

2. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, (Зенков көш., 24/А),

3. Д.А. Қонаев музейі (Төлебаев көш., 117),

4. Әдеби-мемориалдық музей кешені:

С. Мұқановтың музей-үйі (Төлебаев көш., 125, 3-пәтер)

Ғ. Мүсіреповтің музей-үйі (Қарасай батыр көш., 49, 25-пәтер)

5. Тілендиевтің мемориалдық музейі (Қонаев көш., 96),

6. А.Байтұрсынұлының музей-үйі (Байтұрсынұлы көш., 60)

7. Райымбек батыр музей кешені (Райымбек батыр даңғ., 96 а)

8. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы (Нұркент ш/а, 5/11)


ПІКІР ЖАЗУ