Маңғыстауда ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшыларын өзге компания қызметкерлері де қолдауда

0
52

Фото: вилеодан алынды

Маңғыстауда ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшыларын өзге компания қызметкерлері де қолдап, видеоүндеу жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

West Oil Software жұмысшыларын қолдап, «БозащыТрансҚұрылыс» кәсіпорнының қызметкерлері де видеоүндеу жасады.
Онда олар Тоқаевтан, өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтан жұмысшылардың қуғынын тоқтатуды сұраған.

Айта кетейік, компания Маңғыстаумұнайгазға көліктік қызметтерді ұсынумен айналысады. Штатта 540 аса адам жұмыс істейді.  2018 жылы West Oil Software-ге өткен Ойл Транспорт Корпорэйшн (ОТК – ҚазМұнайГаз ҰК еншілес компаниясы) экс-қызметкерлерінің негізінде құрылған. Ауысу кезінде қызметкерлерге 5 жылдық жалақының 50%-ы ұсынылды (орта есеппен әрбір экс-қызметкер 10 млн теңгеден алған болатын).

Kompra.kz сайтының ақпаратынша қазіргі орташа айлық жалақылары 740 мың теңгені құрайды (ЕТҚ 2022 жылы — 5 млрд теңге, 2023 жылдың 11 айында — 6,2 млрд теңге).

5 жыл өткеннен кейін экс-қызметкерлер оларды қайтадан Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі қарастырылған (жоғары жалақылар және түрлі премиялар) ҚазМұнайГаз компаниялар тобына қосуды талап етіп отыр. Қызметкерлер ОТК қызметкерлері сияқты ұқсас жұмыстарды орындап жатқанына наразы.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Маңғыстауда West Oil Software жұмысшылары ереуілге шыққан еді. 500-ге тарта адам өндіріс базасында ереуілдетіп, төрт күннен бері көлікте қонып жүр.

Олар жұмысты тоқтатқанын хабарлап, өздерін «ҚазМұнайГазға» қосуды сұрады. Әрі бірыңғай еңбекақы төлем талап етті. Ал аудандық сот олардың жұмыс уақытында ереуілге шығуы заңсыз деп отыр.


ПІКІР ЖАЗУ