Лукашенко Қазақстанға қатысты қандай мәлімдеме жасады?

0
87

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz halyq uni сайтына сілтеме жасап.

Беларусь пен Қазақстан арасындағы достық пен сенімге негізделген уақыт сынынан өткен қарым-қатынастар азаматтарымыздың игілігі үшін дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған құттықтауда.

Лукашенко бүгінде Қазақстанның бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат қағидаттарын берік ұстанатынын, өзара түсіністік пен тату көршілікті нығайтуға жан-жақты үлес қосып отырғанын жеткізді.

Ол Астананың мәнді бастамалары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратынын айтты.


ПІКІР ЖАЗУ