«Мұқалмас» Нұржан Әлтаевтың заңсыз әрекетін әшкере қылды
«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына кандидат ұсынбады. Атышулы Нұржан Әлтаевты үміткер ретінде таныған хаттама – жарамсыз, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.
“Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша, ұйымның жиынына қатысқан 15 аймақтық филиал жетекшісінің 13-і экс-депутат Нұржан Әлтаевтың кандидатурасына қарсы дауыс берген, деп хабар
Қоғамдық бірлестік атынан сайлауға кандидат ұсынбау дегенді көбі қолдаған. «Мұқалмас» сайлау барысында тәуелсіз байқаушы болғандықтан бейтарап қалуды жөн деп тапқан.
«Сот «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылдың 6 қазандағы №19 хаттамасын жарамсыз деп таныды. Өз талап арызымда соттың осы шешімі сол сәтте жүзеге асырылуын сұрадым. Бұл әділетті шешім деп ойлаймын», – деді «Мұқалмас» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Майра Төлеубекқызы.