“108 әйел”: Украина мен Ресей арасында тағы да тұтқын алмасуы болды

0
87

Украина мен Ресей арасында тағы да тұтқын алмасуы болды. Соның нәтижесінде 108 украиналық әйел үйлеріне оралды. Бұл туралы BBC News жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, тұтқыннан босатылғандардың арасында Ресейдің Донецк, Луганск, Запорожье мен Херсон облыстарына кең ауқымды шабуылы басталғанға дейін тұтқынға алынған қыз-келіншектер бар.

Босатылған тұтқындардың ең үлкені – 62 жаста, ең кішісі –  21 жаста.

“Бүгін кезекті рет тұтқын алмасуға мүмкіндік туды. Бұл енді, біз үшін өте қиын болды. Біз алғаш рет 108 әйелді тұтқыннан босаттық”, –  деді Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.

Оның айтуынша, «Азовстальде» болған 37 адам, 11 офицер, 85 қатардағы жауынгер мен сержант, Қарулы күштердің 35 сарбазы, 32 әскер-теңіз күштің жауынгері, 12 аумақтық қорғаныстың өкілі, Ұлттық ұланның 8 адамы, 13 мемлекеттік қызметкер, шекара қызметінің 4 өкілі мен 12 қатардағы азамат тұтқыннан болғандармен бірге үйлеріне оралды. Кейбір адамдар 2019 жылдан бері Ресейдің тұтқынында болған.

adyrna.kz

democracy.kz


ПІКІР ЖАЗУ