Тамыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынады
Бүгін, 25 шілдеде, тамыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау 5 тамызға дейін жалғасады. Тіркеу app.testcenter.kz сайтында онлайн жүргізіледі.
Тамыздағы тестілеу — негізгі ҰБТ-дан қажетті балл жинай алмаған талапкерлерге жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік береді. Бұл ҰБТ-да пәндер комбинациясын өзгертуге рұқсат етілген.
Кімдер қатыса алады:
•Мектеп пен колледждің биылғы және былтырғы түлектері
•Қандастар (қазақ ұлтты, ҚР азаматы емес)
•Шетелде мектеп бітіргендер
•Мамандығын ауыстырғысы келетін студенттер
•ЖОО-ға шартты қабылданғандар
Сондай-ақ, колледж түлектері өз мамандығы бойынша ЖОО-да оқуды жалғастыру үшін тек әңгімелесу арқылы қабылданады. Тест тапсыру уақыты мен орнын талапкер өз қалауынша таңдайды.








