Дарын Мубаров: «Мәшһүр Жүсіп олай айтпаған»
Дарын Мубаров өз сөзінде әлеуметтік желілерде кең тарап жүрген өлең жолдарына қатысты пікір білдірді деп жазады Democracy.kz. тілшісі.
Уағызшы: «Өлең жолдарында: «Сақалы бар да, мұрты жоқ, діні бар да, ұлты жоқ, теке сақал, қырма мұрт, елдің түбіне сол жетер» деп айтылған, және бұл сөздерді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атынан таратуда» деп, мұны үлкен жалғандық деп есептейді.
Ол Мәшһүр Жүсіптің мұндай сөздерді айтпағанын және бұл өлең жолдарының ислам діні мен мұсылмандарды жек көретін адамдардың зиялы аталарымыздың беделін пайдаланып айтатын жалған айыптары екенін баса айтады.
Дарын Мубаровтың пікірінше, бұл сөздердің шындыққа жанаспайтыны анық.
«Керісінше, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының: «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деген өлең жолдары белгілі. Ол Абайдың бұл сөздері елдің мәдениеті мен руханиятына қатысты» деп түсіндіреді.
Сақал қою және мұртты қысқарту мәселесіне келсек, автор Дарын Мубаров пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисіне сүйеніп: «Мұрттарыңды қысқартып, сақалдарыңды өсіріңдер және мәджусилерге ұқсамаңдар.»
Бұл хадис мұсылмандардың сақал қоюын пайғамбар сүннетіне амал» деп түсіндіреді. Сондықтан, кейбір мұсылмандар бұл өсиетті орындап, сақал қояды және мұртты қысқартады дегенді айтады уағызшы.
Фото интернеттен алынды.