ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН – КҮМІС ЖӘНЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ

0
64

Дәстүрлі садақ атудан «Қалқан» нысанасы бойынша Ербол Тапенов күміс жүлдеге, Қасымхан Қанат қола жүлдеге ие болды. Ол осыған дейін «Пута» нысанасы бойынша қола жүлдеге ие болған еді, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұл бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. Оның 120-сы ер спортшы, 60-ы әйел спортшы. Соның ішінде Қазақстан құрамасынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Күміс жүлде иегері Ербол Тапенов:

«Елдің абыройы болғаннан кейін 33 мемлекет арасынан суырылып шығып, күміс жүлдеге ие болғаныма өте қатты қуаныштымын. Негізі дәстүрлі садақ ату спортымен айналасып келе жатқаныма биыл 5 жыл. Ал бұл жарысқа 6 ай бойы дайындалдық. Бұған дейін Түркияда өткен IV ДКО-ына қатыстық. Айта кету керек, ұлттық құрамамыз отандық садақ оғын қолданады. Арнайы бұл ойынға 2000-ға оқ дайындап, нәтижесінде ұлттық құраманың 90% отандық оқты пайдаланды. Сондай-ақ жеңісімді әкеме арнағым келеді», — дейді.

Дәстүрлі садақ атудан қола жүлдеге иегері Қасымхан Қанат:

«Көшпенділер ойыны өз елімізде болып жатқаны қатты сезіледі. Шыны керек халқымыздың, мемлекеттің қолдауы, махаббаты бізге күш береді. Бұл жарысқа 6 ай дайындық жасадық. Айта кетелігі додаға келген садақшыларды бұрын халықаралық жарыстардан көрген болатынмыз. Әр бірі өз елінен келген ең мықты спортшылар. Олармен тіпті туыстай болып кеттік. Барлығына өз алғысымды білдіремін», — деді баспасөз конференциясында.

 «Дәстүрлі садақ ату өте күрделі, қызықты спорт түрі. Басқа спорт түрінде эмоцияны шығара аласың, мысалы, айқалап, күресіп, жылап дегендей, алайда садақ атуда керісінше. Ол жерде тек өзі, садақ және нысанамен сырласады. Оқ нысанаға тимеген жағдайда эмоциянды ішінде сақтап қаласың. Сол нысана сосын күнімен-түнімен адамның  ойынан шықпайды. Мәселен, көп спортшы Малазия еліне жарысқа барып келдік деп қуанады. Ал біз тіпті ол жақтың өсімдігін де көретінде шамамыз болмады. Оқу жиын жатығулары өте қиын, әрі ойынды қатты уайымдадық. Біз үшін маңыздысы нәтижесі болды. Осы сынды психологиялық ауырпашылықтар бар. Ал біздің федерациямызға тоқтала кетсек, федерациямызды 2019 алғаш рет құрып, дәстүрлі садақ атуды спортқа енгіздік. 2022 жылы ғана министрлікке спорт екендігімізді дәлелдеп, алғаш қазан айында Маңғыстауда Қазақстан Республикасының чемпионатына қатыстық. Содан бері қазіргі таңда еркін түрде чемпионатқа іріктеу барысында кесіби түрде бұл спортпен айналысатын 350 адамды іріктеп алдық. Негізі хобби ретінде ойнайтын садақ атушылардың саны 3000,4000 оның ішінде 1500 қыз садақ атумен айналысады», — деп дәстүрлі садақ ату спортының өзіндік ерекшелігі мен ауыртпалығын бөліскен Қазақстан құрамасының бас бапкері Диас Ахметов.

Назым МАЛИККЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ