Қазақтың сөз өнері өз өнері

0
68

Ақын жыраулар шығармашылығы, қазақ билері мен шешендік өнері

Қазақ халқы бағзы заманнан бері өз мәдениетін ұмытпай дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығымен бізге жеткізіп отыр бүгінгі таңда. Қазақтың өнері, мәдениеті, салт дәстүрі мен үшін ғасырлар тарихындағы әлем елдерінің ішіндегі ең биік өресінде тұратынын айта кеткім келеді. Жалпы біздің ата бабаларымыз шешендік өнерді мәдениеттің барлық жерімен байланыстыратын болған-ды. Оның бір дәлелі қазақтың халық ауыз әдебиеті, біздің өнеріміз жалпы көбінесе жазбаша емес ауыздан ауызға көп таралатын болған. Елден елге, ауыл аймақты аралап серілік құрып жүретін сал серілер, шешендер, айтыскер ақындар осы тілімізге тиек еткен халық ауыз әдебиетінің таралуына көптеп үлес қосатын болған. Жыршы жыраулар күндеп апталап таңды таңға жалғап жырлап,елдің мұң мұқтажын сол кездегі мәселелерді өлеңмен жеткізген болатын.

Ал қазақтың билері мен шешендері қарапайым жалпақ тілмен айтқанда қазіргінің соты. Алдына әділдік сұрап келген қараша халықтың талай күрделі мәселелерін шешетін болған.«Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би»- елдің еңсесін көтерген үш жүздің билері төрелігін төбесінен алмас қылыштай кесіп айтқан, түйіні шешілмеген арқандай болған елмен елдің арасындағы даулы дүниелердің мақұлын айтып дауласқандарды татуластырып жіберетін болған…

«Тұмау түбі құрт болар,

Тұман түбі жұт болар,

Еңбектүбі құт болар»

©Төле би, хан болмай тұрған жас Жәнібекке айтқан өсиетінен есімде қалған үзінді…

Бүгінгі күні тіліміз бұрмаланып, жас буынға көз салсақ қазақ деген халықта сөз өнері аса ұлы деңгейде дамымағандай көрініп жатады. Әрине ол біз үшін үлкен сын және тарихымызға теріс таңба. Ақындық өнер болсын, шешендік өнер болсын, жазба әдебиет болсын қазақ ешқашан сұлу сөзден сарқылмаған. Оның ішінде айтыс өнері үлкен мәселелерді қозғап, қазіргі күннің тілімен айтқанда трендтегі өнер түрі ретінде, елдің мұң – мұқтажын жеткізген. Ақын дегенде ойымызға бірден қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев келері анық.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың. сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың»

©Абай Құнанбаев.

Ерім дейтін ел болмаса елім дейтін ер қайда? Демекші Һәкім Абайды елі ұмытпай келеді осы заманға дейін «Ғалымның аты озса да хаты озбайды» деген осы болар.

«Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайлың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.»

©Мұқағали Мақатаев

«Қазақта қалам түртер ақын туса,

Абайдың әруағына қарайлаған.

Абай болу әрине оңай емес,

Ақын болмай қалсаң ғой,

Қалай жаман…»

©Мұқағали Мақатаев

Абайдың шығармашылығына үлкен баға берген Мұқағали атам да биік шың,дара тұлға, Хан тәңірдің мұзбалағы.

Әрине қазақта ақын көп,оның ішінде өзімнің жүрегіме жақыны да Мұқағали Мақатаев әрине бұл менің өз ойым.

Баһадүр бабаларымыз салып кеткен сара жолдан айрылмай осыншама мәдениет, салт дәстүр, жөн жоралғымызды ұмытпай көшпелі қазақтың мәдениетінің мерейін асқақтатып,нағыз қазақи мемлекет болып келер ұрпаққа да сол нәрсені жеткізсек екен деген арман да жоқ емес.

«Жүрегінің түкпірінде кішкене болсын «ҚАЗАҚ» дейтін сезімі бар адам ұлтының мәдениетін ұмытпайды»


ПІКІР ЖАЗУ