Жемқорлық: еліміздің ертеңі қандай болмақ?
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес-ең өзекті әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Мемлекеттің бастамалары, өсіп-өркендеуіне кесапатын тигізіп, жетістіктерін жоққа шығаратын елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жымысқы жау десе болады. Сондықтан елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» – деп, айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама.
Көк байрағымызда көкке самғаған бүркіттің бейнесін халқымыздың арман-мақсатының символы деп танысақ, оның қанатын кең ашып, еркін самғауына кедергі ететін — осы жемқорлық. Мұны жеңбей, еш ісіміз оңбайды. Жемқорлықты ұлттық қауіпсіздігімізге төнген жойқын қауіп деп қарауымыз керек.
2023 жылды алар болсақ “Azzatyq ruhy” айтуынша “ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарлауынша, осы жылдың 10 айында елімізде ақша жымқырудың 1500-ге жуық қылмысы тіркеліп, 1100-ден астам жемқорлық әшкереленсе, олардың 158-і түрлі деңгейдегі басшылар екен. Оның ішінде 1 мыңнан астам іс сотқа жолданып, 282 млрд теңге залал өтелді. Бұл тізімге жергілікті атқарушы органдарда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар да еніп отыр. Жалпы, жыл басынан бері әкімдіктегі 215 шенеунік әшкереленсе, оның 137-сі жоғары лауазымды басшылар. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметкерлердің ең көбі Алматы, Шымкент қалаларында, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында анықталды.”
Мамандардың айтуынша, 2022 жылдың дерегімен қаңтар айындағы құқық бұзушылық саны төрт жыл қатарынан азайған , өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбі Алматыда тіркелді: 23 жағдай. Бір жылда 27,8%-ға өскен. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан (21 құқық бұзушылық, жылына минус 19,2%) және Түркістан облысы (18 құқық бұзушылық, екі есе өсім) жетекші өңірлер қатарына енген болатын. Transparency International халықаралық қоры 2023 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (ИВК) жариялауы бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 92-ші орынға ие болып, 100-ден 39 балл жинады.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке барлығымыз атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса. Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Мемлекет басшысының айтқанындай: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар.
Сыбайлас жемқорлық белең алған мемлекет дамымайды, өркендемейді. Сол үшін мықты мемлекет пен бірлігі бекем ел болуымыз үшін адалдыққа жол беруіміз керек, сонда ғана өсеміз, дамимыз.