Жолда жасырын патрульдеу жүзеге асуы мүмкін

0
51

Құрметті жүргізуші жол ережесін бұзбай, сақ жүріңіз! Енді жол патрульдік полицейлері жолдағы құқық бұқушылықты жасырын тіркеп алуы мүмкін.

Бұл туралы Gov.kz «16 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбайдың басшылығымен жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) кезекті отырысы өтті. отырыс барысында Атырау облысының тәжірибесі қаралды, онда қала сыртындағы трассаларды бұзушылықтарды заманауи фотобейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған сәйкестендіру белгілері жоқ полицияның қызметтік автомашиналармен патрульдеу жұмысы сәтті сынақтан өтті. Осындай құқық бұзушылықтар туралы ақпарат автоматты түрде БП ҚСжАЕК ӘІБТ-нің Процессинг орталығына жіберіледі, ал құқықбұзушыға айыппұл туралы хабарлама келеді.» — деп хабарлайды.

Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде осы тәжірибені сынап көру қолға алынбақ, сонымен қатар жол бойындағы бұзушылықтың алдын алу мақсатында заманауи дрондарды қолдану жөнінде сөз қозғалып, ұсыныстар айтылды.

 


ПІКІР ЖАЗУ