Қуандық Бишибаев жазасын қай жерде өтейтінін айтты

0
53

Аты шуға айналған сот бәрінің есінде. Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргендігі үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков экс-шенді туралы ақпарат берді. Ол әлі күнге тергеу изоляторында отыр.

«Ол жақында Астана маңындағы барынша қауіпсіз мекемеге барады, бұл — Ақмола облысы. Ол жеткеннен кейін 93-бапқа сәйкес туыстарына, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға және адвокаттарға хабарлауға құқылымыз. Сондықтан мүдделі тұлғаларға ақпаратты осы форматта береміз» – деді Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков.

Ата кетейік қылмысты жасырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


ПІКІР ЖАЗУ