Асқазан ауруы: себептері,алдын алу жолдары

0
16

Бүгінде асқазан ауруына шағымданбайтын адамды табу қиын. Бірі қыжылдан, бірі тамақ сіңбеуден, енді бірі ашқарынға ауырсынудан зардап шегеді. Бұрын бұл тек егде жастағылардың мәселесі болса, бүгінде жастар арасында да жиі кездеседі.

Күнделікті қарбалас, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау – бұның бәрі бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінгенімен, асқазанымызға үлкен салмақ түсіреді. Таңғы асты өткізіп жіберу, фастфудпен тамақтану, ұйықтар алдында ауыр тамақ жеу, тіпті жұмыс үстінде асығыс шай ішу – мұның бәрі асқазанның жауына айналған дағдылар.

Дәрігерлер “бәрі асқазаннан басталады” дейді. Себебі денсаулық – дұрыс қорытылған тағамнан бастау алады. Асқазан бұзылса, бүкіл ағза шаршайды, әлсіздік пайда болады, ашушаңдық артады. Ал ұзақ уақыт бойы еленбей жүрген белгілер гастритке, тіпті жараға айналуы мүмкін.

Асқазан саулығын қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін алдымен өмір сүру дағдыңды қайта қарау қажет. Аурудың алдын алу үшін артық майлы,қышқыл тағамдардан бастарту керек.Тамақтану тәртібін сақтау, жүйке жүйесіне жүк түсірмеу, зиянды тағамдардан бас тарту – бұл денсаулыққа жасалған үлкен қадам.

 


ПІКІР ЖАЗУ