Ақмола облысында NEET жастар саны бойынша төменгі көрсеткіш

0
45

Ақмола облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында «Ақмола облысында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы», Соңғы 3 жыл ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» (Серпін) жобасын іске асыру туралы», «Жастар арасындағы суицид туралы» және «Ақмола облысында Халықаралық жастар күнін мерекелеу туралы» тақырыптарда сөз қозғалды.

Ақмола облысы ІСБ басшысының баяндамасы аясында жұмыссыз жүрген жастарды азайту мақсатында статистикаға көз жүгіртіп, олармен күресу жолы бойынша сөзге тоқталды.

          «Жастармен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – жұмыспен қамту, NEET санатындағы жастар санын төмендету, жастардың білім алуына ықпал жасау. Қазіргі уақытта жастар арасындағы Ақмола облысында NEET санатындағы жастар саны 5,5% (10 778 адам) құрайды (Республика бойынша 16 орын). Жұмыспен қамту органдары да жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізуде. 2024 жылдың басынан бастап Жұмыспен қамту органдарына жастар арасынан 7155 адам жүгінді. Жұмыспен қамту шараларымен 4319 адам қамтылды (оның ішінде ауылдық жерлерден 2572 адам). «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 163 маманға бюджеттік кредит бөлуге 1,3 млрд. теңге және 810 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 229 млн. теңге қарастырылған. 1 шілдедегі жағдай бойынша 97 млн. теңгеге 13 бюджеттік кредит берілді (оның ішінде 35 жасқа дейін 7 жас маман)   және 141 млн. теңгеге 382 көтерме жәрдемақы берілді (оның ішінде 254 жас маман). Бүгінгі таңда бюджеттік кредит алуға кезекте 272 маман (оның ішінде 35 жасқа дейінгі 206 маман) және көтерме жәрдемақыға 644 (оның ішінде 35 жасқа дейінгі 430 маман) маман тұр. Ақмола облысының жастар ресурстық орталықтарымен жыл басынан бастап жұмыспен қамту мәселелері бойынша — 4014 кеңес берілді, оның ішінде 1309 тұрақты жұмысқа, NEET санатынан — 34 адам жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылдың басынан бастап Ақмола облысының Жастарға қызмет көрсету орталықтарының психологтары 219 жеке кеңес беру бойынша іс-шаралар өткізді (өтініштер саны 167). Өткізілген  тренингтер  саны –  96,  жастарды қамту – 3978 адамды құрады. Аталған Жастарға қызмет көрсету орталығы жыл сайын жастарға әртүрлі бағыттар бойынша 10 мыңға жуық кеңес көрсетіп тұрады» — дейді басқарма басшысы Алмас Аянұлы.

Облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысының сөзінше алдағы келе жатқан Халықаралық жастар күні биылғы жылы ауқымды өтпек.

«12 тамыз — Жастар күні. Осы орайда барлық өңірде он күн бойы жастарды дамытуға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Ақмола облысы да тыс қалған жоқ. Әр күн арнайы бір тақырыпқа арналып, жүзеге асырылатын болады. Атап айтсақ, 3 тамыз — Экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «TAZA QAZAQSTAN» атты атуамен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардың әкімдіктері мен Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен саябақтар, көшелер, өзен-көлдердің жағалаулары және т.б. сенбіліктер өткізіледі. 4 тамыз күні, жастардың өзін-өзі дамытуын ынталандыруға, көшбасшылық және кәсіби шеберлік идеяларын ілгерілетуге бағытталған «JAS KELSE, ISKE!» тақырыбында 5510 әскери бөлімінің көктемгі әскерге шақырушылармен облыстық ЖРО ӨМД (өмірлік маңызы бар дағдылар) бойынша тренинг және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірге онлайн форматта өзін-өзі ынталандыру, көшбасшылық және кәсіби шеберлік идеяларын ілгерілету мақсатында кездесу өткізуді жоспарлап отыр.  5 тамыз күні  «DENSAULYQ — ZOR BAILYQ» тақырыбы аясында Спорт және дене шынықтыру басқармасының, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардың әкімдіктері, Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен барлық мемлекеттік және жеке кәсіптік ұйымдарының қызметкерлерімен жаппай таңғы жаттығу және SAULYQ.LIFE репродуктивті денсаулық жайлы тікелей эфир өткізілмек.  6 ТАМЫЗ —  «GYLYM TAPPAI MAQTANBA» атты тақырыпта облыстық ЖРО жұмысшы жастар арасында Абай Құнанбаев күніне орай зияткерлік ойын ұйымдастыру көзделіп отыр. 7 ТАМЫЗ  «MEYIRIMDILIK MEKENI» тақырыбында облыс бойынша «Қарттар — асыл қазынам» және балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарға салуда. 8 ТАМЫЗ  «ADAL AZAMAT». Бұл күні Ішкі істер департаменті Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесе, «Адалдық алаңы» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы және алаяқтыққа жол бермеу мақсатында адамдардың жаппай жиналатын орындарында   үлестірме материалдары таратылады. 9 «ТАМЫЗ ENBEK BARIN DE JENBEK» тақырыбы шеңберінде облыстық ЖРО жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады және «Елге қызмет — абыройлы міндет» жобасы шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік желілерде бейнероликтер жарияланады. Сондай-ақ Қосшы қалалық ЖРО «Жасыл ел» еңбек жасағындағы алғашқы жұмыс орны болған жастардың жұмысын насихаттау бойынша іс-шара өткізеді. 10 ТАМЫЗ «YSTYK QAIRAT, NURLY AQYL, JYLY JUREK» деген атаумен аталған күні облыстық ЖРО Қазақстан тарихы бойынша қала тұрғындарымен сауалнама жүргізуді көздеп отыр. Степногорск қаласының ЖРО аталмыш күні жастарға арнап қалалық мұражайға саяхат өткізбек. 11 ТАМЫЗ —  «QORGAN 24» күні қоғамға жат мінез-құлықтың және нашақорлықтың, құмар ойындарының және вандализмнің таралуының алдын алуы бойынша облыстық ЖРО квест ойыны және «Есірткісіз болашақ» ұйымымен бірлесе нашақорлық тақырыбында жастарға арналған тікелей эфир ұйымдастырылады. Сонымен қатар, облыс аудандары мен қалаларының ЖРО әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында нашақорлық бағыты, лудомания бағыты, вандализм бағыты бойынша бейнеролиткерді жариялайды. Ал онкүндіктіктің соңғы күні  «JASTARMEN BIRGE!» деген тақырып аясында Ішкі саясат, мәдениет, кәсiпкерлiк және өнеркәсіп басқармалары, «Атамекен» КП, Ақмола облысының қалалары және аудандары әкімдіктері мен Жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен өңірлік бесенділерге жастар күніне орай алғыс хат табыстау шаралары, сондай-ақ, Халықаралық жастар күні аясында «Jastarmen birge!» атты «Open air» іс-шарасы ұйымдастырылмақ» деп өз сөзінде облыстық ЖРО басшысы тоқталып кетті.


ПІКІР ЖАЗУ