«Астана Операда» шығармашылық демалыс

0
28

«Елордада жаз мезгілі «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» дәстүрлі концертімен есте қалады. 26 шілде мен 2 тамызда К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында дарынды қазақстандық әртістердің жаңа буын өкілдері – жетекші отандық және шетелдік шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетеді. Олардың шеберліктері мен кәсіби біліктіліктері беделді халықаралық байқауларда бірнеше мәрте жүлделі орындармен атап өтілген» — деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

26 шілдедегі кештің вокалдық кезеңінде сопрано дауысты қос әншінің өнері паш етілді. Олар – Италияның Пезаро қаласында Джоаккино Россини атындағы консерваторияда білімін шыңдап жатқан Айым Асқар мен Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербор мемлекеттік консерваториясының студенті Марта Набатова.

Танымал жоба Отанға жиі келе бермейтін әнші үшін туған жерде өнерін паш етуге, профессорлармен бірге атқарған тыңғылықты жұмысын көпшілікке таныстыруға мүмкіндік. Біршама вокал байқауларының, дәлірек «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» республикалық байқауының лауреаты Марта Набатова үшін  Күляш Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» топтамасы қарсаңында екінші өнер көрсетуі болмақ.

Жас өнерпаздарға қолдау көрсету театр қызметінің маңызды құраушы бөлігі.  «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» қазақстандық жас таланттарды  демеуге негізделген өзекті жоба. Мұндай бастамалар келешегі зор әртістерді ілгерілетуге ықпал етеді. Осылайша өнер жолын енді бастап келе жатқан дарындар көпшілікті өз шығармашылығымен қуантып қана қоймайды, сонымен қатар отандастарымен кездесуден өздері де шабыт алып, қуанышқа бөленеді. Өйткені  белсенді оқу жылынан кейін әр жаз бұл жастар үйлеріне туған қазақстандық көрермендерді көруге және оларға өз жетістіктерін көрсетуге деген асқан құлшыныспен келеді.


ПІКІР ЖАЗУ