Тұран -инновациялық кәсіпкерлік университеті

0
38

«Тұран» — Қазақстанның алғашқы және ірі мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының бірі. «Тұран» университеті 1992 жылы құрылған, Қазақстанның алғашқы және ірі мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және өзін инновациялық-кәсіпкерлік университет ретінде көрсетеді. «Тұран» университеті толық білім беру циклін қамтиды.

«Тұран» университеті 23 бакалавриат мамандығы, 15 магистратура мамандығы, 5 PhD докторантура мамандығы бойынша үш факультетте: экономикалық, гуманитарлық-заң факультетінде және «кино және телевизия академиясында»сұранысқа ие бағыттар
бойынша даярлауды жүзеге асырады. Студенттер мемлекеттік гранттар мен университет ректорының гранттары бойынша білім ала алады. Оқу үздіктері қазақстандық және шетелдік компаниялар
мен ұйымдардың стипендиясына үміткер бола алады. Мұның бәрі студенттерге оларды әрі қарай жұмысқа орналастыру және қазіргі қоғамның бәсекелестік ортасында дамыту үшін сапалы білім беруге
мүмкіндік береді. “Тұран”университетінде бірнеше тіл үйренуге де болады.  Тәжірибелі оқытушылар тобы,қала орталығындағы үлкен оқу ғимараты,қауіпсіздік және бейнебақылау,ең керемет студенттік өмір,әрбір білім алушыға жеке көзқарас,практика базаларын ұсыну және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу,медициналық және психологиялық сүйемелдеу, ерекше қажеттіліктері бар адамдар
үшін қолайлы жағдайлар бар. Университетте 700 – ден астам дербес компьютерлер бар. Ішкі жүйені қуатты сервер қолдайды. «Тұран» университеті Eduroam жобасына қосылған Қазақстан Республикасындағы алғашқы ЖОО болды, бұл университет студенттері мен қызметкерлеріне әлемнің 54 елінің кез келген ЖОО-да өзінің корпоративтік логинімен тегін Wi-Fi пайдалануға мүмкіндік береді. Болашаққа тиімді инвестиция және жоғары оқу орнында табысты оқу үшін жақсы платформа.«Тұран» университетінде студенттердің демалысы мен бос уақытын өткізуге арналған көптеген орындар бар. Барлық тілек білдірушілер үшін жайлы дивандары мен үстелдері бар екі кофехана, дәмді тағамдары бар екі асхана және еден шахматы мен үстел теннисі бар арнайы аймағы бар.

Университетке түсу үшін шекті балл деңгейі:
“Құқық” білім беру саласы бойынша кемінде 75 балл (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл)қалған білім беру бағдарламалары бойынша кемінде 50 балл (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл)

Шығармашылық емтихан туралы

Шығармашылық мамандықтарға түсу үшін сізге ҰБТ-да екі пән тапсыру қажет – Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы. Кейін сіз университетте қосымша екі шығармашылық емтихан тапсырасыз. ҰБТ-ны 5 пәннен де тапсырып, шығармашылық мамандықтарға түсуге болады. Бірақ шығармашылық емтихан міндетті түрде
тапсырылуы керек. Біз екі ҰБТ пәні мен емтихан ұпайларын қосып санаймыз. Барлығы 125 балл жинай аласыз. Ақылы және грант үшін шекті балл кем дегенде 50 баллды құрайды, әр пәннен кемінде 5 баллдан.

Шығармашылық мамандықтарға жатады:
Журналистика
Қоғаммен байланыс
Режиссура
Операторлық шеберлік

Актерлік шеберлік

Аружан ӘЛЖАНОВА
Журналистика кафедрасы


ПІКІР ЖАЗУ