Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер…

0
51

Менің жоғары оқу орным — менің мақтанышым деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Бала кезімізден бастап үлкен-үлкен ғимараттардан қолдарына кітаптарын ұстап шығып келе жатқан студенттерге қызығушы едік. Енді міне өзіміз де өзгелер қызығып та, қызғанып та қарайтын білдей бір студент болдық. Көптеген еліміздің көшбасшысы болып жүрген танымал адамдардың ізін басып, мен де Тұран Университетіне арманның жетегіне еріп түстім. Бұл таңдауыма бірде-бір рет өкінген емеспін. Жан-жақты білім, қызықты студенттік шақ, әр-түрлі концерт, олимпиада, студенттің білімге қызығушылығын арттыратын түрлі іс-шаралар, мұның барлығы сөзсіз студентті алға жетелейді. «Жаста оқыған оқуың — тасқа жазғанмен бірдей» дегендей қатарластарымызбен жарыса оқу оқимыз.

Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол! Мұның барлығы басқа жанға асыра мақтау болуы мүмкін, бірақ, Тұран Университеті — мүмкіндіктерге толы инновациялық мекен екендігін мойындауымыз керек.  Бұл жетістіктер Тұран Университеті еңбек ұжымының, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен университет басшылығының жұмысты парасатты да сапалы ұйымдастыру білуінің арқасы екендігінде сөз жоқ. Отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті де білімді мамандарды даярлап, кадр потенциалын құруды басты мұраты еткен Тұран Университетінің  негізгі мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Қазіргі таңда, оқу орнымыз студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндікті беріп отыр, ал оны миға тоқып, университетіміздің деңгейін көтеру — біздің қолымызда!

Тұран  Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты  кезеңіміздің  самал лебі есіп тұрған университетім ғой. Біздің университетіміз «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М.Әуезов атамыздың өсиетін жерге тастамай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!», – деген Мағжан ағамыздың сөзін желге ұшырмай сенімін ақтап жүрген оқу орны екеніне кәміл сенемін. Шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген  оқытушыларыма дән ризамын. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпаса ұғынықты. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзер жастар да осы оқу ордасынан… «өзегі өрт өлеңге толы ақын» жандар да сезім тамшыларын білім бәйтерегінің жапырағынан тамызуда.

Битимова Инкара

 


ПІКІР ЖАЗУ