«DENSAULYQ — ZOR BAILYQ» Ақмола облысы жастары таңғы жаттығуы

0
47

Жастар күнін мерекелеу қарсаңында онкүндіктің үшінші күні СӨС арналуда. 5 тамыз күні  «DENSAULYQ — ZOR BAILYQ» тақырыбы аясында Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы қала жастарымен таңғы жаттығу өткізді.

Түнгі ұйқыдан ояну – жаңа күннің бастамасы. Ал күніңіздің жарқын болуы өз қолыңызда. Ол үшін әр күнді таңғы жаттығумен бастағаныңыз абзал. Біз ұйықтап жатқанда орталық жүйке жүйесі де тынығып, жүректің соғуы азайып, баяу тыныс аламыз. Бұлшық етіміз босаңсып, барлық ағзамыз толықтай демалады. Ал ұйқыдан оянғанда ағза мүшелерінің қызмет белсенділігі артады. Алайда бұл ұзаққа созылуы мүмкін. Ондай кезде адамның ұйқысы ашылмай, сабырсыз күйге түсіп, ашушаң болады. Мұндай күйге түспес үшін жалқаулыққа жар бермей, дене жаттығуын орындау қажет. Себебі жаттығу жасау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттердің әсерінен ішкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарады. Ол адамның өзін сергек сезінуіне ықпал етіп, еңбекке деген ынтасын арттырады.

«Таңғы жаттығу үшін арнайы спорт залға барудың қажеті де жоқ. Өз бөлмеңізден шықпай-ақ айналысуға болады. Дегенмен, қазіргідей жаз мезгілінде таза ауамен тыныстап жасаған жаттығудың денсаулық үшін әсері мол. Бүгінгі таңғы жаттығу, қатысқан барша жастар үшін пайдасын тигізді деп ойлаймын. Шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Кенжебаев, Сабырхан Мейірханұлы, ұйымдастырушылар, мектеп оқушылары, студенттер мен жұмысшы жастардан құралған 200-ден астам жас буын өкілдері атсалысты» — дейді облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков.


ПІКІР ЖАЗУ