64 миллион теңге заңсыз «сыйақы» берген Шымкенттік есепші

0
42

«Сот мәліметінше, орта мектептің бас есепшісі ай сайын өзінің шотына бекітілген жалақысынан жоғары сома аударып отырған. Соның салдарынан бірнеше жыл ішінде мектеп бюджетіне 64 миллион 295 мың теңге залал келтірілген.»  деп хабарлайды   democracy.kz/rus. Бұл жайлы Stan.kz жариялаған.

Сотталушының айыбы өз мойындауы бойынша, жәбірленуші өкілінің дәлелдерімен, заттай және іс бойынша өзге де айғақтармен анықталды. Сот кезеңінде прокурор кінәліні жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал сотталушы оны бас бостандығынан айырмауды өтінген.

«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының өз кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді. Сот К-ны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды», – делінген сот хабарламасында.

 


ПІКІР ЖАЗУ