Қара жолдағы көліктер жолдан шығып кетті
Алматы облысында 16 шілдедегі нөсер жауын салдарынан су тасып, қара жолдағы көліктер жолдан шығып кетті.
Бұл жайлы ҚазАвтожол ресми Telegram каналында мәлімдеді.
«2024 жылғы 16 шілдеде сағат 16:00 шамасында «Көкпек-Кеген-Түп» республикалық маңызы бар автожолының (ІІІ санат) 33-41 шақырымында қатты жауын салдарынан жолды төрт жақтан су басты, оның ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 8-10 см құрады. Жақын елді мекен Ұзынбұлақ ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысы».
Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылғаны және 19:30-ғы жағдай бойынша су тасқыны тоқтап. Жол қозғалысына шектеу қойылғмағаны белгілі болды.
Айта кететін жайт, Кеген, Нарынқол жұрты жолдың өте нашарлығынмен билікке базынасын талай мәрте жеткізген болатын. Кеген-Нарынқол автомобиль жолы әлі күнге мәз емес.