Жас мұғалімдер ТЖД мамандарымен кездесті

0
50

Ақтауда «Жас маман» жобасы аясында мұғалімдерге Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша ақпараттар айтылды. Кездесуге Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері капитан РайымбекТуманғалеев, Мемлекеттік өрт сөндіру бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Мейірбек Исаев, Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Уалихан Жұмабеков және КҚЖБО аға диспетчері азаматтық қорғау капитаны Маржан Жолдасова келді.

Шараның негізгі мақсаты — мұғалімдерге табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, жанындағф жандарға жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгерту.

Атлмыш шара барысында ТЖБ қызметкерлері «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және биік қабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігі», «Судағы қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қатысушылар мамандардан пайдалы ақпарттар алып, өз ойларын ортаға салып өзара сұрақ-жауап алмасты.


ПІКІР ЖАЗУ