Армян сарапшылары: «Қазақстанның нақты мақсаттарға жетудегі әлеуеті жоғары»

0
48

Жолдауда алға қойылған міндеттердің қысқа мерзімділігіне баса назар аудару — биліктің ел экономикасының жай-күйін терең түсінуін көрсетеді. Мұндай ерекшелік, сөзсіз, жоспарланған істердің іске асырылуына оң әсер етеді. 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі нақты мақсат — күллі Еуразиялық кеңістікті дамыту үшін елеулі сигнал саналады.

Қазақстан ішкі саяси ахуалдың тұрақтылығын және экономиканың одан әрі өсуін көрсетіп отыр. Қазақстан Президентінің экономиканы үдемелі дамыту жөніндегі бастамалары, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға баса назар аудару «Әділетті Қазақстанды» құрудағы дәйекті қадам болып есептеледі.

Арам Сафарян (Армения)
«Интеграция және даму» зерттеу-талдау ұйымының төрағасы

Қазақстан Президентінің Жолдауында ел болашағына қатысты маңызды стратегиялық мәселелер бойынша шешімдерді халық референдум арқылы қабылдауы тиіс. Мұндай бастама Армения үшін де өзекті бағдар саналуы керек.

Арман Абовян (Армения)
Бұрынғы депутат, «Кентрон ТВ»қоғамдық телеарнасының танымал саяси шолушысы


ПІКІР ЖАЗУ