Еңбекшіқазақ ауданының 54 елдімекені 5 жылда газға қосылады

0
65

Бұл туралы бүгінгі өткен көшпелі баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алтай Досымбаев айтты.

Брифингте бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді. Оның бірі — ауылдарды газдандыру. Қазіргі таңда аудандағы 64 елдімекеннің 14%-ы ғана газға қосылған немесе 25 мың абоненттің 8,7 мыңы ғана көгілдір отынмен қамтылған.

«Ауқат Инвест» атты жеке инвестор компаниясы 5 ауылға газ тарту үшін жобалық-сметалық құжатын дайындап жатыр. Жоба құны аталған құжат әзір болғанда анықталады. Тағы 3 жобаға қаражат бөлінді. Сонымен қатар 54 елдімекенді толық қамту мақсатында осы компания инвестициялық жоба әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Алдымен жоғарыда аталған 5 ауыл, кейіннен кезең-кезеңімен қалған ауылдар көгілдір отынға қосылады. Бұл жоспар 5 жылға жалғасады. Газға қосылу бағасы шамамен 350 мың теңге болмақ”, — деді әкім.

Сондай-ақ әкім көпқабатты үйлерді жылумен қамту үшін 16 блоктық-модульдық қазандықтар орналастыру жоспарланғанын айтты. Бүгінгі таңда 15-нің құрылысы аяқталды, 1-уінің құжатына өзгерістер енгізіліп жатыр. Аталған жоспар мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған.


ПІКІР ЖАЗУ